мектеп тарихы » Дарбазақұм негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дарбазақұм негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
апрель
2022

мектеп тарихы

Дарбазақұм орта мектебі 1989 жылы 1 қыркүйектен бастап ашылған. Ол кезде мектеп Дарбазақұм орталау метебі" болып аталатын 9 жылдық мектеп болды Алматы облысы Панфилов аудандық атқару комитетінің 1997 жылғы 19 тамыз айындағы №742 шешімі бойынша Дарбазақұм орталау мектебі Дарбазақұм орта мектебі болып құрылған. Мемлекеттік мекеме Дарбазақұм орта мектеп жалпы білім беру жүйесінің мемлекеттік мекемесі болып есептеледі және өз аясындағы барлық азаматтарға мемлекеттік стандарт шегінд мемлекеттіккепілдік тегін жалпы білім  алу құқы мен мүмкіндігін үздіксіз білім беру жүйесінің негізінде жүзеге асыратын буын болып табылады. Сонымен қатар мекеменің ұйымдастыру- құқықтық түрін қадағалайтын, жалпы білім беру функцияларын жүзеге асыруға құрылған, комерциялық емес ұйым.
             Мемлекеттік мекеме Дарбазақұм орта мектептің құрылтайшысы және мүлік меншік иесі (бұдан былай "орта мектеп" деп аталады) Панфилов ауданының Әкімі болып табылады.
              1998 жылдың 16желтоқсанындағы №320-1 Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттің заңды тұлға мәселелері бойынша енгізілген өзгерістері мен толықтырулары туралы Заңына сәйкес Мемлекеттік мекеме "Дарбазақұм орта мектебі" Дарбазақұм орта мектеп мекемесінің құқықтық иеленушісі болып табылды.
             Орта мектептің мемлекеттік басқару органы Панфилов аудандық білім бөлімі болып табылды.
             Орта мектеп жалпы білім беру жүйесінің мемлекеттік мекемесі болып есептеледі және өз аясындағы барлық азаматтарға мемлекеттік стандарт негізінде мемлекеттік кепілдік тегін жалпы орта білім алу құқымен мүмкіндігін үздіксіз білім беру жүйесінің негізінде жүзеге асыратын буын болып табылады.
             Орта мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің нормативтік құжаттарын,облыс,аудан Әкімдерінің шешімдері мен үкімдерін,Алматы облыстық білім басқармасының және аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.